20.07.2015, 16:36 3281

Еліміздіӊ көлік полицейлері үстіміздегі жылдыӊ 6 айы ішінде 30 мыӊнан аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Еӊ алдымен Департамент бастығы Е. Саденов Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам" Ұлт жоспарында ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктелген міндеттерге тоқталды.

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Көліктегі ІІД-ніӊ бастығы, полиция полковнигі Ержан Саденовтыӊ төрағалық етуімен кеӊейтілген жиын болып өтті. Онда жедел қызметтіӊ 2015 жылғы 6 айдағы атқарған жұмыстары талқыланып, ҚР Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ 2015 жылдыӊ 6 мамыры күнгі "Ұлт жоспары - 100 қадам" тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы көлік полицейлерініӊ алдында тұрған міндеттері сараланды. Жиынға Департаменттіӊ орталық аппаратыныӊ жеке құрамы мен желілік бөліністердіӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еӊ алдымен Департамент бастығы Е. Саденов Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам" Ұлт жоспарында ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктелген міндеттерге тоқталды.

"Елбасымыз атап өткендей, "Ұлт жоспары" алдағы 10-15 жыл бойы "бірінші кезекте" жүзеге асырылуы тиіс міндет болуы керек. Ішкі істер органдарыныӊ әрбір қызметкері өз қызметінде Мемлекет басшысыныӊ қойып отырған міндеттерін орындауды қызметтік және азаматтық борышы ретінде қарастыруы тиіс",- деп атап өтті Ержан Сапарбекұлы.

Бұдан соӊ ол еліміздіӊ теміржол және әуе көлігі нысандарындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда атқарылған шараларға тоқталды. Е. Саденовтыӊ айтуынша, жасалынған қылмыстардыӊ жалпы саны 24,8%-ға азайған, соныӊ ішінде ауыр қылмыс түрлері 27,3%-ға, аса ауыр түрлері 78,9%-ға төмендеп, олардыӊ ашылу деӊгейі 83% және 100% құраған. Сондай-ақ, тонау 73,3%, бұзақылық 40,3%, алаяқтық 26,4%, қоғамдық орындардағы қылмыстар 11%, жасөспірімдер жасаған қылмыстар 42,9%-ға азайған.

Елбасыныӊ қоғамда құқықбұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы бойынша 1136 ұсақ бұзақылық дерегі анықталды. Оныӊ ішінде 785-і қоғамдық орындарды ластаумен байланысты болса, белгіленбеген жерлерде темекі тартқаны үшін әкімшілік тәртіпке 2600 азамат, сонымен қатар, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкені үшін 4 мыӊнан астам адам тиісті жауапкершілікке тартылды.

Үстіміздегі жылдыӊ 6 айында әкімшілік жауапкершілікке 30 мыӊнан астам құқықбұзушы тартылды, оларға 56 миллион теӊге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

Департаменттіӊ желілік бөлімшелерініӊ күшімен 230 есірткі қылмысы анықталды, оныӊ ішінде өткізу бойынша - 40, есірткі заттарын контрабандалық жолмен алып өту бойынша - 6 факті. Есепті мерзім ішінде заӊсыз айналымнан 1 тонна 770 кг есірткі заттары тәркіленген.

Жиында бірқатар желілік бөліністер мен басқарма басшыларыныӊ есептері тыӊдалды. Сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, тәртіп пен заӊдылықты күшейту, Көліктегі ІІД-ніӊ жеке құрамы арасында жемқорлықтыӊ алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиынды қорытындылаған Департамент бастығы желілік бөліністердіӊ қылмыс деӊгейін азайтуға және қабылданған шаралардыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны