15.02.2011, 15:59 3980

Еліміздің көптеген аймақтарында қатты жел соғуы мүмкін

Еліміздің көптеген аймақтарынды қатты жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздің көптеген аймақтарынды қатты жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым аумағы сейсенбі күні тұтас атмосфералық бөліктердің ықпалында болады.

Шығыс Қазақстан облысының ауа-райына антициклон әсер етеді. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Ақмола, Атырау облыстарының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады деп болжанып отыр. Қызылорда облысының, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндізгі уақытта секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басып, жолдарда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деген болжам жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны