25.05.2015, 10:53 4015

Еліміздіӊ мектептерінде "соӊғы қоӊырау" соғылады

Бүгін республикамыздыӊ мектептерінде оқу жылыныӊ аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін республикамыздыӊ мектептерінде оқу жылыныӊ аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде 11 сыныпты аяқтайтын түлектердіӊ саны 124 мыӊнан асты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

2-15 маусым аралығында Ұлттық бірыӊғай тестілеуге 87 770 түлек қатысады.

2014-2015 оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша "Алтын белгiні" алудан 4 498 түлек үмітті.

"Соӊғы қоӊыраудыӊ" мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұя мектептерімен және он бір жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны