21.04.2015, 17:56 4888

Еліміздіӊ өӊірлерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда

2015 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып хабар беру және халықты оқыту бөлімініӊ бастығы Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып хабар беру және халықты оқыту бөлімініӊ бастығы Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ өӊірлерінде Ішкі істер министрлігі бөлімшелерініӊ, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі, тартылған ұйымдардыӊ біріктірілген күштерімен авариялық-құтқару, алдын алу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Су тасқыны кезеӊі басталған кезеӊнен бастап Қарағанды облысында 9 ауданныӊ аумағында 48 елді мекенді және 2 қыстақты су басты. Қазіргі уақытта жағдай жеті ауданда тұрақтанды. Бұқар жырау және Нұра аудандары бақылауда тұр. Облыстыӊ өзендерінде су деӊгейініӊ төмендеуі байқалады. 13 279 эвакуацияланған адамдардыӊ ішінде 11 940 адам үйлеріне оралды.

Су сору, провизия, гуманитарлық көмек жеткізу, аумақтарға құм үю, патрульдеу, коммуникацияларды қалпына келтіру, зардап шеккен халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары тоқтатылған жоқ.

Жерлерді қайта өӊдеу жұмыстары басталды.

Ғ. Мұстафин атындағы ауылға өрт сөндіру-сорғы станциялар мен мотопомпалар барынша тартылған.

Қазіргі уақытта облыста су басқан 2 107 үйдіӊ 1 900-нен су кетті.

Су басқан аудандардан 33466 ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерлерге айдалды, оныӊ ішінде 28962 бас қораларына қайтарылды.

Ақмола облысында су тасқыны кезеӊі басталғаннан бері Атбасар қаласы және Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Целиноград аудандарыныӊ 12 елді мекені су астында қалды.

Ақмола облысыныӊ ТЖ департаментініӊ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Целиноград ауданыныӊ елді мекендерін аралады, соныӊ барысында су басқан үйлердіӊ мынадай саны анықталды: Ағанас аулында - 29, Қызыл Жар аулында - 2, Ақмол аулында - 3, Жаӊажол аулында - 12, Жалғыз құдық аулында - 5, Р. Қошқарбаев аулында - 2.

Атбасар ауданында авариялық-құтқару бригадаларыныӊ тәулік бойы кезекшілігі тоқтатылған жоқ, олар жоғары дайындық режиміне көшірілді. Атбасар ауданыныӊ "Атбасар-Сочинское" және Шортанды ауданыныӊ "Шортанды-Жолымбет" облыстық маӊыздағы автожолдарында сәйкесінше ені 5-10 және 30-50 метр су ағып жатыр. Жерлерге жол белгілері орнатылған, патрульдеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, елді мекендерде суды сорып алу, жолдарды қалпына келтіру, қорғаныш құрылыстарын салу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Тәулік бойғы кезекшілік жүргізіледі.

Өткен тәулікте Ақмола облысында тұрғындарды эвакуациялау болған жоқ. Тасқын кезеӊі басталғаннан бері су астында қалған 168 үйдіӊ 114-інен су кетті.

3629 бас үй жануары өз қораларына оралды. Су басқан аудандардан барлығы 5980 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды.

Солтүстік Қазақстан облысында Темирязев ауданыныӊ Степное ауылынан және Аққайыӊ ауданыныӊ Қиялы ауылынан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Автожолдыӊ 4 учаскесінде еріген қар суы жайылып, онда бекеттер орнатылған.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ автожолдарын қалпына келтіру бойынша дайындық жүргізіліп жатыр. Зақымдалған жол учаскелеріне жол белгілері орнатылды, қосалқы жол төселді. Қалпына келтіру жұмыстары су деӊгей төмендегеннен кейін аяқталады.

Павлодар облысыныӊ Екібастұз ауданында Бесқауға ауылына апаратын зақымдалған автожолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірлік ауылына баратын жолды толық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта автомобиль жолдарыныӊ 77 учаскесі қалпына келтірілді.

Эвакуацияланған 13 375 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын кезеӊінде барлығы 16 171 адам эвакуацияланған болатын.

Су астында қалған 2 434 үйдіӊ 2173-інен су кетті.

Бірлескен күштіӊ арқасында 22 588 метр уақытша бөген тұрғызылды, 363 417 текше.м су сорылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6 444 адам жұмылдырылып, 1 707 бірлік техника, 153 су соратын құрылғы және 112 жүзу құралы қамтылды.

"Қазселденқорғау" ММ деректері бойынша Нұра өзенінде Ақмола облысы шегінде су деӊгейі көтеріліп жатыр, атап айтқанда Қорғалжын ауданында су басу қаупі төніп тұр.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны