29.05.2012, 11:09 3145

Еліміздің оңтүстігі мен батысында жаңбыр жауады

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде найзағай аралас өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалы сақталуына байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Еліміздің оңтүстігі мен батысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде найзағай аралас өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалы сақталуына байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-21 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде өрттің жоғары қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады, Батыс Алтайдың бірнеше өзендерінде су деңгейінің азаюы бақалады. Республиканың оңтүстік өзендерінде су деңгейі ауытқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны