30.01.2015, 10:11 4225

Еліміздіӊ оӊтүстігінде күн райы құбылмалы болады

Қазақстанныӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады. Тек республиканыӊ оӊтүстігінде, оӊтүстік-батысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады. Тек республиканыӊ оӊтүстігінде, оӊтүстік-батысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысында Жалаӊашкөл ауданында жылдамдығы 22-27, күндіз екпіні 30 м/с-тан асатын жел соғады, түнде тұман түседі, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Атырау, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маӊғыстау облысында кйе жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 15 м/с-ке дейін күшейеді деп болжануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны