25.05.2013, 16:17 18591

Еліміздің орта мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Мерекеге орай, өңірлерде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, жалпы мектепішілік мерекелер, "Тал отырғыз" акциялары, ашық есік күні, мектеп бітірушілер кештері өткізілмек.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Еліміздің орта мектептерінде соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда биыл жалпы білім беретін мектеп түлектерінің саны 143 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 99 815 түлек өтініш берді (2012 жылы - 117 333). 2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша 4678 түлек "Алтын белгiге" үміткер (2012 жылы - 5840)", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін республика мектептерінде Соңғы қоңырау соғылды. Мерекеге орай, өңірлерде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, жалпы мектепішілік мерекелер, "Тал отырғыз" акциялары, ашық есік күні, мектеп бітірушілер кештері өткізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны