08.08.2016, 17:28 3830

Еліміздіӊ ұшқыштары "Авиадартста" үшінші орынды иеленді

Ресейдіӊ Рязань облысыныӊ "Дубровичи" полигонында "Авиадартс - 2016" ұшу экипаждарыныӊ халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстыӊ үздіктері қатарында еліміздіӊ тікұшақ ұшқыштары да бар. Олар құрметті үшінші орынды еншіледі

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Ресейдіӊ Рязань облысыныӊ "Дубровичи" полигонында "Авиадартс - 2016" ұшу экипаждарыныӊ халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстыӊ үздіктері қатарында еліміздіӊ тікұшақ ұшқыштары да бар. Олар құрметті үшінші орынды еншіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жерүсті нысаналарында әскери қару қолдану" сайысыныӊ соӊғы кезеӊі аясында ұшқыштар зымыран-зеӊбірек және бомбалы қару-жарақ қолдана отырып ұшудан сынақ тапсырды. Қазақстанныӊ командалары арасында армиялық авиацияныӊ ұшқыштары - Ми-171 Ш тікұшақтарындағы екі экипаж бәрінен тәуір нәтиже көрсетті. Бірінші экипаждыӊ құрамында бөлім командирі капитан Григорий Кондратюк, ұшқыш-штурман аға лейтенант Абай Боранбаев және борт технигі капитан Александр Куценко болды. Екінші экипаждыӊ құрамында - экипаж командирі капитан Алмас Тағаев, штурман лейтенант Сергей Кондратюк пен борт технигі капитан Рауан Атанбұзов, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ баспасөз қызметініӊ мәліметінше, дәл осы ұшқыштар шешуші сәтте барлық күш-жігерін жинап, бағдарламаныӊ барлық түрінде жақсы нәтижелер көрсетуге тырысып бақты. Сондай-ақ, "Дубровичи" полигонындағы байқаудыӊ соӊғы кезеӊі барысында Ресей Федерациясы Иуе-ғарыш күштері ұшқыштарыныӊ қатысуымен "Авиамикс" авиациялық шоуы өтті. Су жаӊа жойғыштар, бомбалаушылар мен тікұшақтардыӊ 70-тен аса экипажы жерүсті нысаналарын авиациялық зымырандармен атқылады, сондай-ақ, жеке дара және топ құрамында жоғары пилотаж фигураларын паш етті.

"Авиадартс" байқауы Армия халықаралық ойындары - 2016 шеӊберінде өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Қытай және Беларусьтіӊ ұшқыштары қатысуда. Сайыста Су-25, Су-27, МиГ-29 ұшақтары мен Искери-әуе күштері Ми-171Ш тікұшақтарыныӊ ұшу және инженерлік-техникалық құрамдары еліміздіӊ намысын қорғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны