05.02.2016, 17:02 3197

Еліміздіӊ жеке меншік балабақшаларында 47 мыӊ орын ашылады деп күтілуде - ҚР БҒМ

ҚР-ныӊ жеке меншік балабақшаларында 47 мыӊ орын енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ қатысуымен өтіп жатқан ведомство төралқасыныӊ кеӊейтілген отырысында

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР-ныӊ жеке меншік балабақшаларында 47 мыӊ орын енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ қатысуымен өтіп жатқан ведомство төралқасыныӊ кеӊейтілген отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қадамдық жоспар аясында жеке меншік балабақшаларда 47 мыӊ орын енгізу жоспарланған", - деді А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ мәліметінше, республика бойынша жеке меншік балабақшалардыӊ үлесі шамамен 40%-ды құрады. Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жас аралығындағы балалардыӊ ата-аналары үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады.

Ол мектепке дейiнгi бiлiм сапасын арттыру үшiн 2015 жылы мектепке дейінгі дайындықтыӊ жаӊа білім беру бағдарламасыныӊ стандарты бекітілгенін, ол 30 пилоттық мектептiӊ базасында iске асырылып жатқанын еске салып өтті. Оған қоса, Павлодар және Қызылорда облыстарында 3-6 жас аралығындағы балаларды 100% қамтуға қол жеткізілді.

Білім беру жүйесіндегі кадрларды даярлау туралы айтқан ведомство басшысы мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту қарастырылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, 2019 жылға қарай педагогтарды тәуелсіз сертификаттауға көшу бойынша жұмыс басталады. Мектепке дейінгі мекемелердіӊ түлектерініӊ дайындығын бағалау әдісі әзірленді.

Сонымен қатар, министр 1-3 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берудегі қамтылу көрсеткіші ЭЫДҰ елдерінен айтарлықтай төмен екеніне баса назар аударды.

"Бізде бұл көрсеткіш әзірге 16%. ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен алғанда 32%-ды құрайды", - деді ҚР БҒМ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны