24.06.2015, 10:59 3779

Елорда әкімдігінде спортшыларға пәтер кілті табысталды

Қазақстандық белгілі спортшыларға Астанадан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады Астана қаласыныӊ туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандық белгілі спортшыларға Астанадан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады Астана қаласыныӊ туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласыныӊ әкімдігі Конфедерацияныӊ қолдаухатымен тұрғын үй қорынан төрт спортшыға жалдамалы тұрғын үй берді. Жаӊа пәтер кілтін елорда әкімініӊ орынбасары Ермек Аманшаев табыстады. Қоныс тойын тойлаушылардыӊ ішінде Олимпиада ойындарыныӊ жеӊімпазы Гузель Манюрова, бокстан 2014 жылғы Азия ойындарыныӊ жеӊімпазы Ілияс Сүлейменов, Илем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаева, Азия Ойындарыныӊ жүлдегері, Азияныӊ үш дүркін чемпионы Татьяна Аманжол бар, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Ләззат Күнгейбаеваға Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген спорт шебері атағы берілді. Куәлікті Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев табыстады.

Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев спортшыларға табыс, жеӊіске жете беруді тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны