12.09.2016, 09:04 3763

Елорда әкімі Исет Исекешев садақпен нысана көздеп, дәл тигізді

Елордада ұлттық спорт түрлерінен алғаш рет өткен "Астана жұлдызы" республикалық турнирінде "Қазанат" атшабарыныӊ маӊына қонған қазақ ауылын Астана әкімі Исет Исекешев аралап көрді.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Исет Исекешев садақ тартып, нысананы дәл көздеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Елордасы әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада ұлттық спорт түрлерінен алғаш рет өткен "Астана жұлдызы" республикалық турнирінде "Қазанат" атшабарыныӊ маӊына қонған қазақ ауылын Астана әкімі Исет Исекешев аралап көрді.

Бұл этноауылда 13 киіз үй тігіліп, жиналған қауымға ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынылды.

Көпшілік алтыбақан теуіп, асық атып, ләӊгі ойнап, сауық құрды. Мергендігін сынап көрген елорда басшысы Исет Исекешев садақпен нысана көздеп, дәл тигізді.

Астана әкімі қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және ұлттық спорт түрлерімен машықтануға жағдай жасалатынын, алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаӊы салынатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны