06.06.2018, 21:30 4237

Елорда әуежайындағы жаӊа терминалда бір жыл ішінде 2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетілді

Осыдан тура бір жыл бұрын, 2017 жылғы 5-ші маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы Т1 жаӊа терминалы "Астана-Мәскеу" бағытындағы жолаушыларға алғашқы қызмет көрсетті.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Елорда әуежайындағы жаӊа терминалда бір жыл ішінде 2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетілді.

Осыдан тура бір жыл бұрын, 2017 жылғы 5-ші маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы Т1 жаӊа терминалы "Астана-Мәскеу" бағытындағы жолаушыларға алғашқы қызмет көрсетті.

2017 жылғы 31-ші мамыр күні әуежайдағы жаӊа терминал мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен ашылды. Халықаралық рейстерді қабылдайтын жаӊа жолаушылар терминалы инфрақұрылымды дамытуға арналған "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.

Қазіргі уақытта Т1 терминалында 15 халықаралық және 2 отандық әуе компаниялары тұрақты ұшып қонуды жүзеге асырады. Ашылғаннан бергі бір жыл ішінінде терминалда 2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетіліп. 10 мыӊнан аса ұшақ сапарлары орындалды. Атап өтерлігі, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрме қонақтары мен қатысушыларына қызмет көрсеткен терминал маӊызды шараныӊ сәтті өтуіне өз үлесін қосты.

Жаӊа терминалдыӊ жалпы аумағы 47 мыӊ шарты метр, мұнда халықаралық жолаушылар мен VIP терминалы, әуе кемелері үшін арнайы өткізу қондырғысы бар жаӊа алты тұрақ пен автобусқа шығатын төрт есік бар. Бұдан өзге, бұл жерде әуежайдағы қызмет көрсету сапасын арттыруға қажет жоғары технологиялар мен процесстер қарастырылған. Терминалда Еуропалық Одақтыӊ стандарттарына сай сағатына 1200 бірлік жүкті бақылаудан өткізетін қазақстандағы тұӊғыш жүкті тексеруге арналған заманауи жүйе мен 50 құжаттық тексеру кабинасы, 27 тіркеу орны мен 4 өзін өзі тіркеу бағаны орналасқан.

Т1терминалыныӊ жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 5,2 миллион жолаушыны құрайды, деп хабарлайды "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ

баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны