23.09.2015, 16:14 4764

Елорда оқушыларыныӊ жекелеген санаттары қоғамдық көліктерде жеӊілдікпен жол жүре алады

Астана оқушыларыныӊ жекелеген санаттарыныӊ қоғамдық көліктерде жеӊілдікпен жол жүруі мәселесі бүгін қалалық мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қарастырылды. Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукинніӊ тапсырмасымен осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған болатын

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана оқушыларыныӊ жекелеген санаттарыныӊ қоғамдық көліктерде жеӊілдікпен жол жүруі мәселесі бүгін қалалық мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қарастырылды. Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукинніӊ тапсырмасымен осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жетім балалар мен ата-аналарыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік көмек, алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ, ай сайынғы табысы күнкөріс деӊгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға қалалық жолаушылар көлігінде жеӊілдікпен жүру құқығы беріледі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Еске салайық, 56-шы кезектен тыс сессияда қалалық мәслихат депутаттары елордалық бюджетке өзгерістер енгізген болатын. Сессия барысында елорданыӊ 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд 93 млн теӊге көлемінде қаражат бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны