Система Orphus

Елордада 700-ден аса жас жауынгер ант қабылдады

04.02.2020, 19:50 3376

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Елордада 700-ден аса жас жауынгер ант қабылдады.

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан Үркер кентіндегі Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі өтті.

Өткен жылдың желтоқсанында еліміздің барлық өңірінен жиналған жас шақырылым сарбаздары 45 күндік арнайы дайындықтан өтіп, Отан қорғаушылар қатарын толықтырып отыр.

Жауынгерлерді құттықтауға астана әкімінің орынбасары, құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері мен сарбаздардың 2800-ден аса ата-ана, жақындары келді.

-Ұлттық ұланның жедел құрамасы елорда тұрғындары мен қонақтарының сенімді қалқанына айналды. Әскери бөлімнің жеке құрамы күнделікті қызметімен бас қаламыздың тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Әскер ардагері запастағы генерал-майор Дәулет Салханов ұландықтарды маңызды қадаммен құттықтаса, құрама командирі полковник Сәкентай Шекарбеков жас сарбаздарға қызметте қырағы әрі жауапты болу керектігін баса айтты. Ал барша ата-аналар атынан Қостанай облысынан келген қатардағы Диас Жанахметовтың анасы Данагүл Ғалымжанқызы ақжолтай тілегін арнады.

- Перзенттерімізді еліміздің жүрегі саналатын әсем қала төрінен көргенімізге өте қуаныштымыз. Кеше ғана шаңырақтан шығарып салған бозбалалар аз ғана уақыт ішінде сымдай тартылып, сап түзеп, ел қорғауға бел буынып тұр. Жауапкершілік пен сенімділік көріп тұрмыз жанарларынан. Ұлымның алға шығып, Отан алдындағы борышын өтеуге берген сертін естігендегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қуаныш пен толқу арпаласып кеткендей. Азаматтарымыздың қалай ел қорғайтынына біз, яғни аналар да жауаптымыз! - дейді сарбаздың анасы.

Ант қабылдаған сарбаздар атынан Орал қаласынан келген қатардағы Талант Жұмагелді сөз сөйлеп, көпшілік алдында берген анттарына адал болатындарын жеткізді.

Заңды түрде Отан қорғаушы атанған олар енді жауынгерлік қызметтің қыр-сырын меңгеріп, әлемдік, халықаралық, республикалық маңызы бар саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар мен ресмик кездесулер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, күн сайын қала тыныштығын қадағалайтын болады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны