15.12.2015, 10:01 3620

Елордада айналма жол салынып жатыр

Жобаға сәйкес Астанада ұзындығы 36 км кіші айналма жолдыӊ құрылысы 2017-2019 жж. Аяқталады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жобаға сәйкес Астанада ұзындығы 36 км кіші айналма жолдыӊ құрылысы 2017-2019 жж. Аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда кіші айналма жолдыӊ құрылысы барысында 22,8 км жол салынып, Ш. Бейсекова көшесініӊ Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігін салу аяқталып қалды. Ш. Бейсекова көшесініӊ Қорғалжын тас жолынан Н. Тілендиев даӊғылына, № 14 көшеге дейінгі бөлігінде тиісті жұмыстар жалғасуда. Кіші айналма жолды салу үшін Ш. Бейсекова көшесініӊ Н. Тілендиев даӊғылынан Конституция көшесіне дейінгі бөлігіндегі жер учаскесі босатылады, сондай-ақ, Сарайшық көшесінде инженерлік желілер тартылып жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазіргі кезде Угольный көшесінде Бөгенбай батыр даӊғылынан Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі және Ш. Бейсекова көшесінде Угольный көшесінен Конституция көшесіне дейінгі жол бөліктерін, соныӊ ішінде екі көлік орамын және теміржол арқылы бір жол өтпесін салу жобалары әзірленіп жатыр.

Астана қаласыныӊ түзетілген бас жоспарына сәйкес кіші айналма жолдыӊ шекарасына № 27 (Хусейн Бен Талал) көшеніӊ құрылысы да жатады. Бүгінде № 27 көшеніӊ № 39 көшеден Ш. Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі жобалану үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны