12.12.2019, 14:33 29217

Елордада "Алтын тұғыр - 2019" ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

"Бәйге", "Аударыспақ", "Көкпар", "Жамбы ату, теңге ілу", "Қазақ күресі" сияқты ұлттық спорт пен "Тоғызқұмалақ", "Асық ату" және т.б. ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елордада "Алтын тұғыр - 2019" ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі "Алтын тұғыр - 2019" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. "Бәйге", "Аударыспақ", "Көкпар", "Жамбы ату, теңге ілу", "Қазақ күресі" сияқты ұлттық спорт пен "Тоғызқұмалақ", "Асық ату" және т.б. ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Салтанатты рәсімді ашқан Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы ұлттық спорт ойындарын насихаттауға айрықша үлес қосқан барлық үздіктер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

"Биыл елімізде ұлттық спорт түрлерінен Әлем, Азия чемпионаттары мен республикалық турнирлер, фестивальдар және тағы да басқа ауқымды іс-шаралар өткізілді. Мыңдаған адамдар ұлттық спортпен тұрақты түрде айналысады. Еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық спорт мектептері мен клубтар жұмыс істейді. Бұрын ауыл арасындағы той-мерекелерден ғана тамашалайтын ұлттық спортымыздың, бүгінде халықаралық деңгейге көтеріліп, әлем назарын аудара бастағаны тәуелсіздік мен бейбіт күннің арқасы", - деп атап өтті Қайрат Сатыбалдыұлы.

Биылғы жылдың күзінде "Nur Otan" партиясының қолдауымен, еліміздің бірқатар өңірінде айтыс фестивалдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Орал қаласында өтетін "Алтын домбыра" республикалық фестивалінде мәресіне жетеді. Ертең 7 желтоқсанда "Астана" концерт залында жыршы-термешілердің "JYR AMANAT" концерті өтеді. "Nur Otan" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны