07.07.2015, 13:31 3893

Елордада Астана күні 79 сәби дүниеге келді

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ хабарлауынша, биыл Астана күнінде елордада 79 сәби дүние есігін ашты, соныӊ ішінде 28 қыз, 51 ұл. Айта кетейік, былтыр осы күні 61 сәби: 33 ұл және 28 қыз туған болатын

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Астана күні аясында елордада 100-ден астам мерекелік шара өтті. Дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары жауынгерлік өнер фестивалін, үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалін, иллюзионистер шоуы мен "Нұрлы Есіл" лазерлік-пиротехникалық шоуын тамашалады. Қала көшелерінде этноауылдар мен ЗD қалашықтар тігіліп, Есіл өзенініӊ жағалауында түрлі ұлттардыӊ мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Астана аспанында жүздеген шар мен батпырауық қалықтап, саябақтарда ауқымды фестивальдар мен халықтық серуен өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ хабарлауынша, биыл Астана күнінде елордада 79 сәби дүние есігін ашты, соныӊ ішінде 28 қыз, 51 ұл. Айта кетейік, былтыр осы күні 61 сәби: 33 ұл және 28 қыз туған болатын, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

2015 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Астана қаласы тұрғындарыныӊ саны 860368 адамды құрады, оныӊ ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 380449 (44,2%), "Есіл" ауданында - 130669 (15,2%), "Сарыарқа" ауданында - 349250 (40,6%) адам.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны