11.06.2014, 19:36 3165

Елордада "Астана жастары" орталығы таныстырылды

"Басқа облыстардан келетін жастардың саны өте көп. Орташа есеппен барлық аймақтан қалаға күніне 300 жуық автобус, 60 жуық пойыз келеді екен. Қалаға күніне 30 мыңдай адам келсе, оның жартысынан көбісі жастар. Былтыр 21 000 түлек оқуға түсуге келді", - деп Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Келешектің қожасы жастар. Сондықтан бой емес, ой жарыстыратын заманның азаматтары сауатты, білімді әрі білікті болуы қажет. Астананың қалыптасуына үлес қосқысы келетін белсенділер де бар.

Исіресе, халықаралық ЭКСПО көрмесі қарсаңында болашағын бас қаламен байланыстырғысы келетіндер көбейіп келеді, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Илем астаналарынан кем түспейтін қалаға бірнеше тілді жетік меңгерген, медицина, құрылыс, энергетика, мәдениет пен көлік саласындағы мамандар қажет. Ал, сұранысқа ие емес мамандықты меңгерем деушілер саны 16 пайызға азайыпты.

Жақында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылмақ. Мобильді орталық автовокзал мен темір жол вокзалында орналасады.

"Басқа облыстардан келетін жастардың саны өте көп. Орташа есеппен барлық аймақтан қалаға күніне 300 жуық автобус, 60 жуық пойыз келеді екен. Қалаға күніне 30 мыңдай адам келсе, оның жартысынан көбісі жастар. Былтыр 21 000 түлек оқуға түсуге келді", - деп Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны