04.05.2016, 17:54 4608

Елордада атаулы көлік карталары беріле бастады

Бүгін азаматтардыӊ жеӊілдетілген санатына атаулы көлік карталары беріле бастады. Осы санатқа жататын 60 мыӊнан астам азамат оны мамыр айыныӊ соӊына дейін "Жастар" сарайында орналасқан пунктен алып кете алады. Бұл үшін былтыр фототіркеуден өткен қала тұрғындары жеке куәліктерін көрсетуі керек. Фототіркеуден өтпеген азаматтарға карталар келесі айда арнайы кассалардан беріледі. Картаны алу үшін бес-ақ минут уақыт қажет

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін азаматтардыӊ жеӊілдетілген санатына атаулы көлік карталары беріле бастады. Осы санатқа жататын 60 мыӊнан астам азамат оны мамыр айыныӊ соӊына дейін "Жастар" сарайында орналасқан пунктен алып кете алады. Бұл үшін былтыр фототіркеуден өткен қала тұрғындары жеке куәліктерін көрсетуі керек. Фототіркеуден өтпеген азаматтарға карталар келесі айда арнайы кассалардан беріледі. Картаны алу үшін бес-ақ минут уақыт қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Жүйені екі кезеӊмен іске қосу көзделген. Бірінші кезеӊде қалалық және қала маӊына қатынайтын экспресс-маршруттар қамтылады. Жабдықтар орнатылған экспресс-маршруттарда зейнеткерлер карталарды қазірден бастап қолдана алады. Басында бұл мәліметтер жинау үшін ғана жасалады, өйткені, адамдар бұған әлі дағдылануы керек. Жеӊілдіктер мен зейнеткерлік куәліктердіӊ күші жойылмайды. Егер адамныӊ картасы болса, ол оны пайдаланады, ал қандай да болмасын бір себеппен картаны алмаса, азаматтардыӊ қағаз құжаттарды пайдалану құқығы сақталады, - деді "Астана-ЛРТ" ЖШС филиалыныӊ Төлем жүйелері орталығыныӊ басшысы Сергей Попов, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазіргі кезде елордада ҰОС ардагерлері мен оларға теӊестірілген тұлғалар; жасына қарай және еӊбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар; жасына қарай және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар; көп балалы отбасылар; мүмкіндігі шектеулі тұлғалар; 16 жасқа толмаған мүгедек балалар қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді. ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теӊестірілген тұлғаларға, көп балалы аналарға және І топтағы мүгедектерге карталар үйлеріне апарып беріледі. Қалған азаматтар санаттарын тіркеу мамыр айыныӊ соӊында басталады. Көлік карталары сатылатын он касса ашылады. Осы айда карталарға ие болатын оқушылар мен азаматтардыӊ жеӊілдетілген санаты оны жоғалтып алған жағдайда, жаӊасын кассалардан ала алады.

- Жолақыны қолма-қол ақшамен де төлеуге болады. Қаланыӊ қарапайым жолаушылары үшін электронды көлік карталарын пайдаланған кезде белгілі бір профиттер жасалады, мысалы, 10 сапар сатып алсаӊ, 11-сі тегін болады. Автобустан түсіп, жолақы төлеместен қайта отыру мүмкіндігі жасалған. Яғни, жүйе толыққанды жұмыс істейді, бұл адамдарға мынадай артықшылықтар бермек: бір автобуста карточкамен жолақы төлегеннен кейін бірінші валидациядан соӊ 60 минуттыӊ ішінде ол қосымша ақы төлемеуге құқылы, - деді Сергей Попов.

Мұндай жүйе азаматтардыӊ жол жүру статистикасын жүргізуге мүмкіндік береді, бұл одан әрі тасымалдауды жоспарлауға, қоғамдық көліктер санын қосуға, немесе қозғалыс кестесін өзгертуге септігін тигізбек.

- Жүйені кезеӊ-кезеӊмен енгіземіз. Адамдар жолақысын бұрынғыдай қолма-қол ақшамен де төлейді, немесе карта сатып алады. Барлық автобустарда электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген соӊ адамдар мұныӊ не екенін толықтай түсінетін болады,- деді Сергей Попов.

Азаматтардыӊ жеӊілдетілген санатына көлік карталарын тарату қоғамдық көліктерде Astra Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылады. Аталған жүйе 31 мамырда қолданысқа толық берілмек. Бұл тасымалдау қызметтері үшін қаржы түсімдерініӊ айқындылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, жолаушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны