11.09.2015, 10:32 4475

Елордада "BKS Эйр Астана марафоны - 2015" қайырымдылық шарасы өтеді

Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ хабарлауынша, елордада "BKS Эйр Астана марафоны - 2015" қайырымдылық шарасы кезінде қаланыӊ кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ хабарлауынша, елордада "BKS Эйр Астана марафоны - 2015" қайырымдылық шарасы кезінде қаланыӊ кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жексенбі күні, 13 қыркүйекте елордада алғаш рет "BKS Эйр Астана марафоны - 2015" қайырылымдық шарасы өтеді. Марафонныӊ ұзақтығы 42 км 195 метрді құрайды. Жарыс 4 қашықтыққа және 2 маршрутпен өткізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kzтілшісі.

Бүгінде марафонға 560, оныӊ ішінде 18 мемлекеттен 158 спортшы қатысады.

"BKS Эйр Астана марафоны" қайырымдылық шарасын өткізуге арналған баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ басшысы Бақытжан Малыбаев, марафон кезінде жол қозғалысыныӊ кестесін ұйымдастыру жайлы егжей-тегжейлі айтып өтті. 13 қыркүйекте сағат 8.00-ден 14.30-ға дейін Тұран даӊғылындағы "Тұлпар" көпірінен Қабанбай батыр даӊғылындағы айналма жолға дейін, Қабанбай батыр даӊғылынан "Қараөткел" көпіріне дейін, Қорғалжын тас жолынан Тұран даӊғылы мен "Астаналық" саябағына дейін көлік қозғалысы шектеледі. Бұл жол 21 км 97,5 м құрайды.

Марафон барысында Тұран даӊғылыныӊ бойымен Кенесары көшесінен Сарыарқа көшесіне дейін әуежай жолынан Қабанбай батыр даӊғылындағы айналма жолдан "Қараөткел" көпіріне дейін жол қозғалысы шектеледі.

Кептелістерді болдырмау мақсатында жүргізушілерден айналып өтудіӊ балама жолдарын қолдану қажеттілігі ескертілді.

Бірінші айналып өту жолы: Сарыарқа көшесінен Тұран даӊғылы - Бөгенбай батыр даӊғылы жақтан Тілендиев көшесі бойымен Бейсеков көшесіне - Сығанақ көшесінен Орынбор көшесі немесе Сейфуллин көшесі арқылы Бейсеков көшесіне - Сығанақ көшесі - Орынбор көшесі.

Екінші айналып өту жолы: сол жағалауға өту үшін Қабанбай батыр даӊғылындағы айналып өтуді Тәшенов көшесіне Орынбор көшелері арқылы жүзеге асыруға болады.

Астаналық халықаралық әуежайға жол тартқан қала тұрғындары мен қонақтары, "Қосшы" кентінен келе жатқандар үшін айналып өту жолы: Қабанбай батыр және Тұран даӊғылы арқылы әуежай тас жолымен Орынбор көшесіне одан әрі М-1 көпірі арқылы Сарайшық көшесіне немесе М-2 арқылы Ташенов көшесіне және М-2 көпірі арқылы Сығанақ көшесіне өту ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны