06.03.2013, 17:52 3546

Елордада ғылыми онкологиялық орталық бой көтермек

Бұл туралы бүгін Ұлттық медициналық холдинг басшысы Кеннет Илібек мәлімдеді. Маманның айтуынша, ғылыми орталық 350 орындық клиникалық бөлім мен радио және химиятерапия жүргізетін күндізгі кешеннен құралмақ. Сондай-ақ, онда ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейтін болады. Басқа қаладан келген емделушілер мен оларға келген жақындары онкологиялық орталықтың қонақ үйінде тұрақтай алады. Ұлттық холдинг басшысының айтуынша, бұл жоба Үкіметтен қолдау тауып отыр.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Биыл Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл жоба бірқатар елдерде жоқ теңдессіз орталыққа айналмақ.

Бұл туралы бүгін Ұлттық медициналық холдинг басшысы Кеннет Илібек мәлімдеді. Маманның айтуынша, ғылыми орталық 350 орындық клиникалық бөлім мен радио және химиятерапия жүргізетін күндізгі кешеннен құралмақ. Сондай-ақ, онда ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейтін болады. Басқа қаладан келген емделушілер мен оларға келген жақындары онкологиялық орталықтың қонақ үйінде тұрақтай алады. Ұлттық холдинг басшысының айтуынша, бұл жоба Үкіметтен қолдау тауып отыр.

"Біз қалайда қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарға қолдау көрсетуіміз керек. Қазірдің өзінде өкпе обырына шалдыққандарды толық емдеу біздің елмен қатар дамыған шет елде де маңызды мәселеге айналып отыр. Ол үшін жаңа клиникалық технологияларды пайдалану қажет", - дейді "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасы Кеннет Илібек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны