02.07.2012, 17:12 2973

Елордада Қазақстан нейрохирургтарының 2-ші съезі ашылды - баспасөз баяны

Съезге қатысу үшін Астанаға Ресей, Украина, Германия, Франция, Швейцария, Израиль, Қытай, Венгрия, Бельгия, Нидерланды, Чехиядан жетекші нейрохирургтар келді.

Кеше Астанада "Думан" мейманханасының "Parlament" мәжіліс залында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының 2-ші съезі өз жұмысын бастады.

Съезге қатысу үшін Астанаға Ресей, Украина, Германия, Франция, Швейцария, Израиль, Қытай, Венгрия, Бельгия, Нидерланды, Чехиядан жетекші нейрохирургтар келді.

Съезде Қазақстандағы нейрохирургиялық қызметтің қазіргі жағдайы, белгілі шетелдік клиникалардың тәжірибелік трансфертін Қазақстан Республикасына енгізу мәселелері талқыланып, халықаралық байланыстарды нығайту үшін оның басым бағыттары анықталатын болады.

"Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының 2-ші съезі еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі оқиға. Денсаулық сақтау саласы ел басшылығының жіті назарында. Оның айқын дәлелі ретінде бүгінде ең озық технологиялармен жабдықталған елордадағы Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталықты атап өтуге болады. Бұл орталықта тек соңғы үш жыл ішінде адамның ең маңызды мүшелеріне ота жасауға мүмкіндік беретін 30 астам хирургиялық технология енгізілді. Бұл конференция нейрохирургиялық қызметтің даму стратегиясының негізгі бағыттарын белгілеуге, емдеу үдерісіне жаңа инновациялық технологиялардың енгізілуіне, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға серпін береді", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов.

С. Мусиновтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 300 нерохирург маманы бар. Ал осы саланың флагманы болып табылатын Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталықта 100-ге тарта нейрохирург маманы қызмет істеуде.

Шара аясында Нейрохирургия саласында республикадағы алғашқы Ақпараттық-ресурстық орталықтың тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.

Келешекте Орталық тарапынан атқарылатын қызметтер көп: 2013 жылы Еуропалық нейрохирургиялық қоғамдастықтардың Білім беру курстарын ұйымдастыру және 2014 жылы Астанада Азия неврологиялық Хирургтер конгресін өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны