Система Orphus

Елордада коронавирусты алдын алуға қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

13.03.2020, 22:55 3484

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Елордада коронавирусты алдын алуға қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

Елорда басшылығы короновирустық инфекцияға қатысты арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады. Қазіргі кезде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

"Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары аясында Үкімет бүгіннен бастап, яғни 13 наурыздан бастап, көпшілік іс-шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қала басшылығы арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемияға қарсы режимді сақтау бойынша бірқатар шараларды жүргізуде", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова. Оның айтуынша, коронавирус диагнозында науқастар төрт санатқа бөлінген.

"Жағдайы жеңіл, орташа және ауыр деген диагноз қойылған науқастар. Сондай-ақ үйде карантинге жатқызылатын науқастар. Барлық осы ауруханалар арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл құралдар тыныс алу жүйесі мен қан айналымы жүйесінің асқынуын емдеуге бағытталады. Қажетті құралдар тізімі жеткілікті мөлшерде", - деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны