16.10.2015, 14:56 3961

Елордада Қошқарбаев көшесі мен Абылай хан даӊғылыныӊ қиылысында қозғалыс шектеледі

Көлік жүргізушілерін ақпараттандыру мақсатында қажетті ескертпе белгілер орнатылады. Аталмыш жол бөлігіндегі көлік қозғалысы қазан айыныӊ 19 күні іске қосылады деп күтілуде

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 17:00-ден бастап Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылай хан даӊғылыныӊ қиылысында қозғалыс шектеледі. Аталмыш жол бөлігінде "№12 көшеден Абылай хан даӊғылына дейін №14 көшені салу" жобасы аясында инженерлік жүйелерді тарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласыныӊ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көлік жүргізушілерін ақпараттандыру мақсатында қажетті ескертпе белгілер орнатылады. Аталмыш жол бөлігіндегі көлік қозғалысы қазан айыныӊ 19 күні іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Елордалық басқарма кептелісті болдырмау үшін көлік иелерін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны