05.05.2020, 16:59 5738

Елордада масаларға қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

Су қоймаларын, қаланың кварталішілік аумақтарын және жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, скверлер) өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Елордада масаларға қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр.

Елордада күн сайын масалар мен басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс екі ауысымда атқарылып жатыр. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты.

"Аумақты өңдеу роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Барлық аудандарды қамтып жатырмыз. Бірінші кезекте су қоймалары, жертөле жайлары өңделді. Қала ішін өңдеуге кірістік. Жұмыстар күн сайын жүргізіледі", - деп атап өтті мамандар.

Су қоймаларын, қаланың кварталішілік аумақтарын және жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, скверлер) өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Масалармен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлелерін, мектеп пен балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін және т.б. зарарсыздандыру маңызды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны