18.03.2011, 16:05 3836

Елордада Наурыз мейрамы күні бірқатар жолдарда қозғалыс шектеледі

Елордада Наурыз мейрамы күні бірқатар жолдарда қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Елордада Наурыз мейрамы күні бірқатар жолдарда қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ЖПБ бастығы Бақытгелді Айқымбековтың айтуынша, 22 наурыз күні жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілетін болады. "Мейрам атап өтілетін уақытта жол полицейлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. ЖПБ инспекторлары қозғалысты кептелістер болмайтындай етіп ұйымдастыруы керек", - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, 22 наурыз күні "Қазақ елі" монументінің алдына 23 мыңға жуық халық жиналады.

Осы күні таңертеңгі сағат 8-ден мерекелік шаралар толығымен аяқталғанға дейін көлік құралдары үшін мына көшелер жабық болады: Р.Қошқарбаев көшесінен бастап (Сарайшық к-сі) Ж.Нәжімеден (№42 көше) көшесіне дейінгі - Тәуелсіздік көшесі; Б.Момышұлы көшесінен бастап №39-шы көшеге дейінгі - Байтұрсынов көшесі; М1 көпірінен №39-шы көшеге дейінгі - Сарайшық көшесі; М3 көпірінен №39-шы көшеге дейінгі Сығанақ көшесі.

Жол полициясы басқармасы мерекелік шаралар өту барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына Орынбор көшесі арқылы айналма жолды пайдалануға кеңес берді. Сондай-ақ, "Қазақ елі" монументінің алдында автотұрақта орынның аздығына байланысты және көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында, меймандарға алаңға қоғамдық көлікпен жету ұсынысы жасалды.

Мереке күндері елорда жолдарындағы жол қауіпсіздігін барлығы 400-ге жуық полицей қамтамасыз ететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны