22.03.2011, 12:59 4530

Елордада Наурыз мейрамы тойланып жатыр

Елордада Наурыз мейрамы тойланып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - наурыз. Kazakhstan Today - Елордада Наурыз мейрамы тойланып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Елордада Наурыз мейрамы құрметіне мерекелік шаралар басталып кеткен.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырушылар биыл көктемгі ұлттық мерекені кең ауқымда өткізбек.

Бүгін таңертең Промышленный және Железнодорожный кенттерінде халық серуені және мерекелік концерттер басталды. Ал кешке елорда тұрғындары мен қонақтары "Наз" мемлекеттік би театрының "Изіл әлемі" мерекелік концертін тамашалайды.

Негізгі мерекелік шаралар ертең өтеді. Таңертеңгі сағат 10-нан бастап "Қазақ елі" алаңында және "Жастар" сарайының алдында халық серуені, театрландырылған қойылымдар және мерекелік концерт басталады. Ал "Қазақ елі" алаңында нағыз этноауыл бой көтереді. Мұнда тігілген киіз үйлерде тойшы қауым бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм татады. Бұл күні алаңда 20 мыңға денйін халық жиналады.

Жұртшылықтың алаңға келуіне ыңғайлы болуы үшін қоғамдық көлік бағдарларымен қатар қосымша экспресс-бағыттар ұйымдастырды. Жолаушылар қосымша автобустарға Конгресс-холлдан, аймақаралық аурухана алдынан және "Қазақстан" сауда үйінің қасынан отырғызылады және сағат 11-ден 23-30-ға дейін әр 10 минут сайын жүріп тұрады. Автобустарға арнайы белгілер жазылған.

"Жастар" сарайының алдында астаналықтарға театрландырылған қойылым ұсынылады, халық серуені ұйымдастырылады және қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті болады.

Таңертең, сағат 11-де "Бәйтерек" монументі алаңында, Ақбура, Қозыкөш ауылдарында, сағат 12-де Өндіріс және Көктал кенттерінде халық серуені мен мерекелік концерт болады.

22 наурызда күні бойы елорданың барлық ойын-сауық орындарында мерекелік қойылымдар, спектакльдер, ұтыстар мен лотереялар өткізіледі.

Наурыз мейрамы сағат 22,30-да Есіл жағасында мерекелік отшашумен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны