09.01.2012, 13:50 3150

Елордада соңғы үш жылда пайда берілген баспананың жалпы аумағы 4 млн шаршы метрден жығылады

"Елорданың тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамуда. Жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 1 млн. шаршы метрден асады. Егер 2010 жылы 1 млн. 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынған болса, 2011 жылы 1 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр баспана салынды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Елордада соңғы үш жылда пайда берілген баспананың жалпы аумағы 4 млн шаршы метрден асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

"Елорданың тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамуда. Жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 1 млн. шаршы метрден асады. Егер 2010 жылы 1 млн. 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынған болса, 2011 жылы 1 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек соңғы үш жылда 4 млн. шаршы метр баспана салынды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған сәйкес, құрылыс саласына тартылған инвестиция көлемі де ұлғайды. Олардың жалпы көлемі 70 млрд. теңгеден асып отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың әлі де 5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу салуға әлеуеті бар.

2011 жылдан бастап Астанада тұрғын үй құрылысының 2014 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның шеңберінде 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады деп жобаланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны