11.02.2020, 23:56 3525

Елордада "Театр диалогы" клубының тұсаукесері өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен "Театр жылы" жобасы аясында театр саласы мамандары мен сарапшылары арасында "Театр диалогы" клубының тұсаукесері өткізіледі,

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 13 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен "Театр жылы" жобасы аясында театр саласы мамандары мен сарапшылары арасында "Театр диалогы" клубының тұсаукесері өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Клубтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов пен мемлекеттік және жеке театрларының басшылары, сарапшылар қатысады деп жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, театр мамандарының қатысуымен өтетін клуб отырысы ашық форматта өтеді. Отырыста театр саласының өзекті мәселелері, даму жолдары және театр жылына байланысты тұжырымдамалар қарастырылатын болады. Басқармада театр жылына байланысты іс-шаралар жыл бойына жалғасатын мәлімдеді. Сондай-ақ отырыс барысында елордада өтетін театр фестивалдері туралы хабарланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны