04.04.2016, 17:21 3890

Елордада тіркелудіӊ ерекшеліктері

Барлық астаналарда кеӊінен тараған мәселелердіӊ бірі - азаматтардыӊ тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардыӊ бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астанада көші-қон полициясыныӊ қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігініӊ аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеӊсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Барлық астаналарда кеӊінен тараған мәселелердіӊ бірі - азаматтардыӊ тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардыӊ бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Астанада шектеу шараларыныӊ болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеӊінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.

"Тұтастай бір көлеӊкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заӊ жүзінде реттелмеуі ықпал етеді", - деді Астана әкімі И. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және "Астананыӊ мәртебесі туралы" заӊға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны