02.10.2015, 11:37 4981

Елордада Уәлиханов көшесінде жол қозғалысы шектелді

Аталмыш жол бөлігі инженерлік жүйелер модернизациясы мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары салдарынан жабылды

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ хабарлауынша, елордада Уәлиханов көшесі мен Омаров көшесі қиылысында жол қозғалысы шектелді. Қалалық басқарманыӊ хабарлауынша, жол қозғалысы қазан айыныӊ 8-де қайта іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш жол бөлігі инженерлік жүйелер модернизациясы мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары салдарынан жабылды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жолдағы кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласы ІІД ИПБ автокөлік иелерін өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны