28.07.2016, 16:46 4179

Елордада заӊсыз қоқыс орындарды анықтау және жою бойынша кезекті рейд өтті

Елордада экологиялық жағдайға теріс әсер ететін және Астананыӊ көркін бұзатын заӊсыз қоқыс орындарын анықтау мен жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - Елордада экологиялық жағдайға теріс әсер ететін және Астананыӊ көркін бұзатын заӊсыз қоқыс орындарын анықтау мен жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Астана қаласыныӊ аумағында қоқыс қалдықтарын шығарған тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында апталық рейдтер өткізіледі, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігі.
Бұл жолы рейд барысында еӊ алдымен жобалық атауы A97 болып табылатын Жұмабаев көшесініӊ жанындағы учаске тексерілді. Бұл жерде «Ferrum Stroy» ЖШС мен «Номад-строй» ЖШС мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салып жатыр, орамішілік инженерлік желілерді абаттандырумен «Саржайлау» ЖШС айналысады.
Тексеру барысында құрылыс алаӊында қоршаудыӊ жоқтығы, қоқыстыӊ, инерттік материалдардыӊ жиналып қалғаны, шығатын жолдыӊ болмауы анықталды, бұл өз кезегінде, жол төсемініӊ ластануына әкеледі.
«Аталған компаниялар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ұйымдар айыппұлдарды уақытында төлейді, бірақ қоқысты шығару бойынша ешқандай шаралар қабылдамайды. Жалпы алғанда, олар қалалық бюджетке жарты миллион теӊгеден артық төледі. Компания басшыларын тағы да жауапқа тартатын боламыз, тапсырыс беруші қалалық Құрылыс басқармасына да хат жолдаймыз, олар да өз тарапынан шара қабылдауы керек», - дейді Алматы АІІБ Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау полициясыныӊ инспекторы Владимир Колягин.
Сонымен қатар, Балқантау көшесі 32 мекенжайы бойынша да абаттандыру ережелерін бұзу жағдайлары тіркелді. Бұл ретте құрылыс жұмыстары заӊсыз жүргізіліп, кәуап пісіретін орын, техникалық қызмет көрсету станциясы, цемент сату орны және т.б. жұмыс істеген. Аумақ қоршалмаған, құрылыс және тұрмыстық қоқыс жиналып қалған.
Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады, сондай-ақ, аталған құрылыстар бойынша сот шешімі шығарылғаны мәлім болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны