18.01.2021, 15:35 7847

Елордада жаңа шектеулер күшіне енді

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді.
Нұр-Сұлтан. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы қаулы 18 қаңтардан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы ауруларының көбеюіне байланысты СОО мен қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.
 

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі", - делінген қаулыда.

 

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін залда келушілердің болуына тыйым сала отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, оның ішіндегі 30 отыратын орыннан аспайтын толтыру шарттары сақталған кезде жол беріледі. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз етіледі", - делінген құжатта.

 
Сонымен қатар, бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының жұмысына тыйым салынбақ.
 
Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты және Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны