24.12.2015, 14:02 4178

Елордада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау акциясы басталды

Елордада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау акциясы басталды. Бұл туралы бүгін "Адам денсаулығы институты" қоғамдық бірлестігініӊ директоры Дмитрий Терешкевич мәлім етті

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елордада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті жинау акциясы басталды. Бұл туралы бүгін "Адам денсаулығы институты" қоғамдық бірлестігініӊ директоры Дмитрий Терешкевич мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл - Қазақстандағы, Астанадағы еӊ алғашқы ілкі жоба. Біз мұныӊ одан ары да өз жалғасып тауып, халықпен жұмыс істеудегі тұрақты жобаға айналарына сеніміміз мол", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ атап өтуінше, бұл акция екі бағытта өрбитін болады. Бірінші бағытта жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер халықтан жинап алынады. Ал екінші бағытта сынап термометрлер электронды термометрлерге ауыстырылатын болады.

"Біз жарамдылық мерзімі аяқталған кәдеге жарамайтын дәрі-дәрмектерді халықтан жинап алмақпыз. Өйткені, қазіргі уақытта халық жарамсыз дәрі-дәрмекті қоқыс жәшіктеріне тастай салады. Ал бұл экологиялық нормаларға қайшы. Ал жарамсыз дәрі-дәрмекті жинайтын арнайы жәшіктер елорданыӊ бірқатар дәріханаларына орнатылады", - деді Д.Терешкевич.

Оныӊ атап өтуінше, екінші акция аясында кеше елорданыӊ мемлекеттік медициналық ұйымдарында 1100 электронды термометрді сынап термометрге алмастыру шарасы өткізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны