04.02.2020, 19:56 4895

Елордада зиялы қауым өкілдері "Біз біргеміз" акциясын қолдады

Мемлекет басшысы қолдаған "Біз біргеміз" акциясына зиялылар, мемлекеттік қызметкерлерден құралған 100-ден астам адам қатысты.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Елордада зиялы қауым өкілдері "Біз біргеміз" акциясын қолдады. Астаналық жастар бастаған "Біз біргеміз" акциясын одан әрі жалғастыру мақсатында зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер Қаламгерлер аллеясын қардан тазартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы қолдаған "Біз біргеміз" акциясына зиялылар, мемлекеттік қызметкерлерден құралған 100-ден астам адам қатысты.

Несіпбек Айт, Ғарифолла Есім, Оразкүл Асанғазы, Марат Әбсеметов, Аманжол Әлтаев, Бекжан Әбдуәлиұлы сынды ғалымдар, қоғам қайраткерлері және тағы басқа ел зиялылары Қаламгерлер Аллеясын қалың қардан тазалау жұмыстарына қатысты.

Сонымен қатар, акцияға Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және оған қарасты "Мемлекеттік архиві" ММ, "Руханият" МКМ-нің ұжымдары да үлес қосты.

"Президенттің "Біз біргеміз" деген бастамасы бізге, қала жұртшылығына үлкен серпін тудырды. Қазақ қиышылықта да, қуанышта да бірге болған. Табиғат мінез көрсетпей тұрмайды. Сондықтан жігерлі жігіттеріміз, жастар, аға буын бастап, қаламызды тазалауға атсалысып жатырмыз", - деді белгілі ақын Несіпбек Айтұлы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны