04.04.2013, 15:32 3328

Елордадағы жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады

"Мектеп бітірушілер қаладағы сұранысқа ие мамандықтармен және елордадағы жоғары оқу орындарымен таныса алады. Көрмеге 30-дан астам кәсіп түрі ұсынылмақ", - делінген хабарламада.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Елордадағы Конгресс -Холл ғимаратында 23 сәуірде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлім етті.

"Мектеп бітірушілер қаладағы сұранысқа ие мамандықтармен және елордадағы жоғары оқу орындарымен таныса алады. Көрмеге 30-дан астам кәсіп түрі ұсынылмақ", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бұл күні жұмыс іздеушілерге мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Сонымен қатар көрме-жәрмеңкеде оқу орындарын бітірушілерге жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндік берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны