16.01.2014, 18:58 3528

Елордалық 10 мың оқушы "Астана Опера" театрын тамашалады

Айта кетерлігі, театр мұражайы қазақстандықтарды мамыр айында таң қалдыратын жаңа көрме дайындап жатқанын айта кеткен жөн. Экспозицияда бүкіл ғұмырын Қазақстан өнерінің төріне арнаған атақты опера және балет әртістері, композиторлар мен суретшілердің костюмдері қойылады.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. "Астана Опера" театрының үш айда атқарған жұмысы нәтижесін берді. Бүгінде жаңа өнер шаңырағында экскурсияда 10 мың астаналық оқушы болып қайтты, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқушыларды Өнер ордасына экскурсияға алып келу мәселесі Астана қаласының білім басқармасымен бірігіп шешілген болатын. Мектептен келетіндердің кестесі құрылып, соған сәйкес күніне театрға 3-4 оқушылар тобы келіп қайтатын", - делінген хабарламада.

"Театр Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен тек әдемі қойылымдар жүргізу үшін емес, сонымен қатар әрбір адам осы тамаша ғимаратқа келіп, сәулет өнерінің керемет қолтаңбасына сүйсініп, сахна сыртына үңіліп, инженерлер ебін білетін таң қалдырарлық сахнаның күрделі құрылымы мен техниканың заманауи шешімдерін көру үшін салынған. Исем театрға келген балалардың талғамы да жақсы болып қалыптасады", - деп атап өтті "Астана Опера" театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов.

Айта кетерлігі, театр мұражайы қазақстандықтарды мамыр айында таң қалдыратын жаңа көрме дайындап жатқанын айта кеткен жөн. Экспозицияда бүкіл ғұмырын Қазақстан өнерінің төріне арнаған атақты опера және балет әртістері, композиторлар мен суретшілердің костюмдері қойылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны