17.02.2014, 19:56 17422

Елордалық мектеп-лицейде жарықтандырудың энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жоба қолға алынбақ

Жүйе толық орнатылғаннан кейін бір ай өткен соң люминесцентті және жарық диодты шамдардың энергия тұтыну көлемдерін өлшейтін электр энергиясын есептеу құралдарына талдау жасалады.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Астанада ақпан айының екінші жартысында №54 мектеп-лицейде ғимаратты жарықтандырудың энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаны қолға алу жоспарланған.

"Аталған қанатқақты жоба мектепті жарықтандырудың әлеуетін бағалауға бағытталады. Жоба аясында мектеп гардеробында жарықтандырудың энергия тиімді жүйесі орнатылады, нақтырақ айтқанда, 2 электр энергиясын есептеу құралы мен қозғалысты немесе адамның болуын сезетін 5 жарық диодты таратқыштары бар шам", - деп қалалық әкімдіктен хабарлады.

Жүйе толық орнатылғаннан кейін бір ай өткен соң люминесцентті және жарық диодты шамдардың энергия тұтыну көлемдерін өлшейтін электр энергиясын есептеу құралдарына талдау жасалады.

Айта кетейік, жобаны "Қазақэнергосараптама" акционерлік қоғамы "ГРИНТЭК" ЖШС бірлесіп іске асырады.

Айта кетейік, аталмыш жоба мектептің жетістігін бағалауға бағытталып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны