12.09.2016, 10:06 3702

Елордалық отбасылар дуатлонға қатысты

Астанада "Отбасылық дуатлон" өтті. Ата-аналар мен балаларға арналған жарыс Astana "Triatlon Park" кешенініӊ аумағында ұйымдастырылды.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада "Отбасылық дуатлон" өтті. Ата-аналар мен балаларға арналған жарыс Astana "Triatlon Park" кешенініӊ аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жарыс басталмас бұрын нұсқаушылар қатысушыларға жаттығу жасатты. Дуатлон жарысында қатысушылар 9-11 және 12-14 жастағы балалары бар отбасылар деген екі санатта жарысты. Отбасы мүшелері жеке қашықтықтарды бағындырды - әкелер 2 шақырым, аналар велосипедпен 2 шақырым, ал балалар 500 метрге жүгірді.

Дуатлонға Астана қалалық әкімдігі Спорт және дене шынықтыру басқармасыныӊ басшысы Берік Маржықпаев та өз отбасымен қатысты.

9-11 жастағы балалары бар отбасылардыӊ арасында Пономаревтар отбасы топ жарды, екінші жас санатында Жақсылықовтар жеӊімпаз атанды. Жарыс жеӊімпаздары Ыстықкөлге жолдамаларға ие болды. Екінші орын алған астаналықтар "Crossfit Centre" орталығына абонемент алды, үшінші орын алғандарға велосипедтер табысталды. Сонымен қатар, жарыс соӊында лоторея ойнатылып, велосипед табысталды.

"Күйеуіммен және балаларыммен триатлонмен бір жарым жылдан бері айналысып жүрміз. Алдымен Орталық паркке барып жүрдік, содан кейін Astana "Triatlon park" салынды. Астанада осындай шаралардыӊ ұйымдастырылатыны жақсы. Алдағы уақытта көптеген жарыстар өтеді, бүкіл отбасымызбен қатысамыз", - дейді Раушан Сағынтаева. Оныӊ отбасы 12-14 жас санатында 1-орын және 9-11 жас санатында 2-орын алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны