01.07.2015, 10:15 3349

Елордалық полицейлер 29 маусым және 1 шілде аралығында Астана аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде.

Жедел алдын алу іс-шарасыныӊ басты мақсаты - көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтыӊ жолын кесу және алдын алу, Астана күнін мерекелеудіӊ қарсаӊында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Жедел алдын алу іс-шарасыныӊ басты мақсаты - көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтыӊ жолын кесу және алдын алу, Астана күнін мерекелеудіӊ қарсаӊында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, қылмыстардыӊ алдын алу, құқық бұзушылыққа жол беретін тұлғаларды анықтау мақсатында елордалық полиция қызметкерлері құрылыс нысандары, саяжай алабтары, ойын-сауық ғимараттары мен басқа орындарда рейдтік шаралар өткізуде.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде төрт жүзге жуық түрлі қылмыстар, 3000 астам әкімшіік құқық бұзушылық, соныӊ ішінде 109 ұсақ бұзушылық, 290 факті қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішу, 85 - кәмілетке толмағандардыӊ заӊсыз өкілдерінсіз жүруі. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі бойынша автокөлікті мас күйде жүргізудіӊ 14 фактісі анықталған, 275 жылдамдықты асыру фактісі, 25 жүргізуші қарама-қарсы жолаққа шығып кетіге жол берген. Оған қоса, Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊнамасын бұзудыӊ 25 фактісі анықталды.

Ағымдағы жылдыӊ 29 маусымы тонау жасағаны үшін 22 жасар Ақмола облысыныӊ тұрғыны құрықталды. Ол 29 маусым күні сағат 11.00 жуық уй кіреберісінде П.есімді азаматтыӊ жеке мүлкін (ұялы телефон) ұрлап кеткен. ҚР ҚК "тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астана қаласы ІІД 30 маусымы күндізгі сағат екі шамасында маршрутты автобустыӊ салонында сөмкеден жасырын түрде құны 60.000 теӊге сомасындағы жеке мүлкін (әмиян, ақша) ұрлап әкеткендігі жайында елорданыӊ тұрғыны арызданды. Полицейлер 31 жасар Павлодар облысыныӊ тұрғынын ұстады. Аталмыш факт ҚР ҚК "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулерді бірыӊғай тіркеуінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны