14.09.2015, 16:12 4152

Елордалық полиция қызметкерлері кішкентай қыз балаға қатысты зорлау сипатында қылмыс жасаған Жамбыл облысыныӊ тұрғынын құрықтады.

Астана қаласы аумақтық Ішкі істер басқармасыныӊ мәліметі бойынша, ағымдағы жылдыӊ 8 қыркүйегі ІІД Жедел басқару орталығыныӊ 102 қызметіне аулада ойнап жүрген кішкентай қыздыӊ жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері ідестіру барысында бұталардыӊ арасынан 2010 жылғы қыз балаға зорлық әрекетін көрсетпек болған ер адамды қолға түсірді

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласы аумақтық Ішкі істер басқармасыныӊ мәліметі бойынша, ағымдағы жылдыӊ 8 қыркүйегі ІІД Жедел басқару орталығыныӊ 102 қызметіне аулада ойнап жүрген кішкентай қыздыӊ жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері ідестіру барысында бұталардыӊ арасынан 2010 жылғы қыз балаға зорлық әрекетін көрсетпек болған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Анық болғандай, 32 жасар құрықталған күдікті осыған дейін ҚР ҚК "Қарақшылық" бабы бойынша сотталған.

Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеулерді бірыӊғай тіркеуіне алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталынған күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша қамау изоляторында. Тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны