26.07.2012, 12:46 3884

Елордалық жұмыссыздардың басым бөлігі әйелдер

Жыл сайын елордаға шамамен 25 мың адам келетіндігін атап өткен ол: "Біздің орталықта ресми түрде 8046 жұмыссыз тіркелген. Оның шамамен 70 пайызын, яғни 5 мыңдайын жұмыссыз әйелдер құрайды. Жұмыссыздардың жалпы санының жартысынан астамы 29 жасқа дейінгі жастар. Демек, Астанада жұмыссыз әйелдер көп", - деді.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Елордалық жұмыссыздардың басым бөлігі әйелдер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Елордада тіркелген жұмыссыздардың 701 пайызын әйелдер құрайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП бастапқы партиялық ұйымдары төрағаларымен өткен жиында Жұмыспен қамту орталығының директоры Аманжол Ибдірахманов айтты.

Жыл сайын елордаға шамамен 25 мың адам келетіндігін атап өткен ол: "Біздің орталықта ресми түрде 8046 жұмыссыз тіркелген. Оның шамамен 70 пайызын, яғни 5 мыңдайын жұмыссыз әйелдер құрайды. Жұмыссыздардың жалпы санының жартысынан астамы 29 жасқа дейінгі жастар. Демек, Астанада жұмыссыз әйелдер көп", - деді.

Оның атап өтуінше, елордада бухгалтер, шаштараз сынды мамандықтарға сұраныс мүлдем жоқ десе болады. Ал құрылысшы, электрик, сантехник сынды құрылыс саласының мамандықтары жетіспейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны