24.05.2023, 16:27 25001

Елордалық дәрігерлер Атырауда бір күнде 16 күрделі ота жасады

Атырауға Президент Іс басқармасы медициналық орталығы мен орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті дәрігерлері келді
Елордалық дәрігерлер Атырауда бір күнде 16 күрделі ота жасады, деп хабарлайды Inform.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырауға Президент Іс басқармасы медициналық орталығы мен орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті дәрігерлері келді. Оның ішінде нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог және басқа мамандар бар.

Кеше, 23 мамырда нейрохирургтер Мыңжылқы Бердіхожаев пен Дәулет Сүйембетов облыстық ауруханада 16 күрделі ота жасаған. Ал, аллерголог Ботагөз Даулетова мен пульмонолог Мадина Есенгелдинова №2 облыстық аурухана атыраулықтарды қабылдады.

Астана, Алматы қаласынан келген білікті мамандар өңіріміздің тұрғындары үшін қабылдау өткізіп, қиын жағдайдағы науқастарға ота жасады. Медицина қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын көрсетіп, дәріс оқыды. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе алмасу болды. Нейрохирургтер ми ісіктерін алу, ми қан-тамырларының анастомозы, асқазанның резекциясы операцияларын жасады", -дейді облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев.


Ал, бүгін, 24 наурызда нейрохирург Дәулет Сүйембетов, травматолог Асқар Баймұхаметов, онколог Ғалия Хорошаш қабылдау өткізіп жатыр. Елордалық дәрігерлердің қабылдауы 25 және 26 мамырда да жалғасады.

Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасы ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикенаевтың айтуына қарағанда, үш күнде күрделі үш ота жасаған. Отаның әрқайсысы 2-3 сағатқа созылған.

Атыраулық дәрігерлер біздің ауруханада күрделі операцияларға қатысты. Енді олар жинақтаған тәжірибесін қорытып, осы өңірдегі сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру үшін жұмыс жасайды", - дейді Ағабек Чикенаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны