13.08.2019, 23:59 10086

Елордалық Достық үйінде "Пики Азии" Халықаралық көрмесі өтті

"Мен сіздерді осы тамаша оқиғамен шын жүректен құттықтағым келеді. Пленэр-табиғаттың тірі түсіндірмесі. Өте әсерлі құбылыс, табиғат атмосферасын мейлінше сезініп, оны қалай дәл жеткізу керектігін түсіну керек", - деді Бибігүл Смакова.

Нұр-Сұлтан.13 тамыз. Kazakhstan Today - 5 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы (Лондон) "Пики Азии" атты Халықаралық сурет көрмесін өткізді.

"Пики Азии" - Назира Женішбекова-Барриионуэва (Париж), Guli Bost (Лондон) және Бибігүл Смакова (Алматы) сынды суретшілердің бірлескен жобасы. Бибігүл Смакова жобаның негізгі мақсатын атап өтті. Бұл елорда тұрғындарын Еуразиялық Шығармашылық Гильдияға мүше суретшілер тобының шығармашылығымен таныстыру және жас таланттарды қолдау болып табылады.

"Мен сіздерді осы тамаша оқиғамен шын жүректен құттықтағым келеді. Пленэр-табиғаттың тірі түсіндірмесі. Өте әсерлі құбылыс, табиғат атмосферасын мейлінше сезініп, оны қалай дәл жеткізу керектігін түсіну керек", - деді Бибігүл Смакова.

Көрмеде 9 жасар ең жас суретші Айбике Кубанычбекованың "Мое лето", "Водопад" жұмыстары да қойылды.

Кеш қонақтары қатарында Қырғызстан Суретшілер Одағының мүшесі Сырға Сараркиева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханум Айдаш, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада болды. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қала қонақтарына Іле Алатауының сұлулығын, "Чаша Манаса", "Брызги шампанского" және "Слезы барса" сарқырамаларын, Барскоон тау шатқалдарын, Оғыз Джеттерін, Мыңжылы Ата қасиетті орындарын және әдемі, өркениетсіз орындарды суретшілердің көзімен көруге мүмкіндік беріледі

Еске сала кетейік, өнер сүйер қауым үлкен эмоцияға, жылулыққа, шынайылыққа бай, табиғатпен жақын қарым-қатынасқа ие, жанды әсер беретін картиналарды елордалық Достық үйінен екі ай бойы тамашалай алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны