Ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап барлық елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар мемлекеттік қызметтерді дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз көрсететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар алдын-ала egov.kz порталында, EgovKzBot2.0 Telegram ботында арнайы қызмет, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша кезекке алдын ала тапсырыс бере алады. ХҚКО-ларда бетперде режимі сақталады, келушілерге әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының елордалық филиалының баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, бүгіннен бастап елордада жаңа шектеулер күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.