20.02.2020, 19:39 7238

Елордалық iKOMEK орталығына жыл басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш түсті

iKOMEK орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың өтініштеріне анағұрлым сапалы ден қою үшін белсенді жұмыс жүргізуде.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Елордалық iKOMEK орталығына жыл басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш түсті.

Бүгін iKOMEK қалалық орталығының алаңында елордадағы медициналық ұйым басшылары және Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірге халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың өтініштеріне анағұрлым сапалы ден қою үшін белсенді жұмыс жүргізуде.

2019 жылдың қазанынан бастап "iKOMEK109" мобильді қосымшасының көмегімен қаланың бас дәрігерлерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі.

"Өткен жылдың қазан айынан бастап бас дәрігерлер азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізіп, оған өздері жауап береді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша оң қарқын байқалады. Біз елеулі нәтижелерді байқап, елорда тұрғындарынан көбірек алғыс ала бастадық. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды, ары қарай да бірлесіп белсенді жұмыс атқару қажет", - деді iKOMEK109 қалалық мониторинг орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.

Сонымен қатар жиын аясында азаматтардан келіп түсетін өтініштер қаралды. iKOMEK109 орталығының ақпараты бойынша ағымдағы жылдың басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 43 417 - консультация бойынша, 777 - шағым мен жағдаят, 156 - алғыс. Одан бөлек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының KPI-индикаторлары талқыланды. "iKOMEK" жүйесіндегі азаматтардың әрбір өтінішін сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігі атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны