25.03.2020, 14:30 7590

Елордалық медицина мамандары қала тұрғындарына бейнеүндеу жолдады

Астаналық медицина мамандарының пайымынша, вирусты жоюда дәрігерлердің ғана емес, азаматтардың да жауапкершілігі маңызды.

Алматы. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Елордалық медицина мамандары қала тұрғындарына бейнеүндеу жолдады.

Коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келіп, тәулік бойы күресіп жатқан медицина қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бейнеүндеуде тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер тұрғындарға қазір қиын-қыстау кезеңді бастап өткеріп жатқанын айтып, тұрғындарды денсаулықтарына сақтықпен қарап, үйде болуға шақырды.

"Қазір маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жаттығу емес. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз маңызды. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Бізге көмектесіңіздер. Үйде болыңыздар", - деді инфекционист дәрігер бейнежолдауда.

Астаналық медицина мамандарының пайымынша, вирусты жоюда дәрігерлердің ғана емес, азаматтардың да жауапкершілігі маңызды.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды. Қалада өткізу-бақылау бекеттері орнатылған. Күнделікті өмірге қажетті азық - түлік пен қажетті тауарларды кедергісіз тасымалдауға рұқсат берілген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны