07.04.2019, 16:14 14650

Елордалық полицейлер қымбат автокөліктердің айналары мен фарларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмыс түрі бойынша ақпаратқа талдау жасау барысында автомашиналардан жиі ұрлық жасалатын орындарды анықтады.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Елордалық полицейлер қымбат автокөліктердің бүйірлік айналары мен фарларын ұрлық жасауда күдіктіні ұстады.

Көлік құралдарымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар құқық қорғаушылардың жедел-қызметік іс-әрекетіндегі ең басым бағыттарының бірі болып қалуда. Алайда, барынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, автомобиль салондарынан жеке мүлікті ұрлау жалғасуда.Қылмыскерлердің табыс көзі болып кез келген қолжетімді зат, яғни автомагнитола мен құжаттардан бастап бағалы техника мен көлемді ақшалай қаражаты бар сөмкелер болуы мүмкін. Аталған қылмыстар күзетілмейтін аумақтарда және аула тұрақтарында жылдам жасалады.

Өткен аптада полицияға түнгі уақытта автомашинаның бүйірлік айналары мен фарларын ұрлау фактісі бойынша азаматтар шағымданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмыс түрі бойынша ақпаратқа талдау жасау барысында автомашиналардан жиі ұрлық жасалатын орындарды анықтады.

Аталған ұрлық жасайтын тұлғаларды ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлері автомашиналардан ұрлық жасалуы ықтимал жерлерді қамтитын түнгі рейдтерге шықты.

Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында жедел қызметкерлер елорданың 35 жасар тұрғынын байқаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні түнде кезекті ұрлық жасап жатқан кезде ұстаған.

Тергеу іс-шараларын жүргізген кезде полицейлер ұсталғанның пәтерінен қымбат тұратын автокөліктерден ұрланған 5 фар жиынтығын, әртүрлі автокөлік маркаларының 18 бүйірлік айналарын және басқа да аксессуарларды тәркілеген.

Сондай-ақ ұрлық жасаған орындардан жұлып алған 9 бейнебақылау камерасы тәркіленген.

Ұрлық фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Ер адам Уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Автокөліктен жасалған 9 ұрлыққа қатысы бар деп күдік келтірілуде. Оның қала аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

"Осы тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) немесе 8 (7172) 71-61-07, 71 - 60 - 28 телефондары бойынша немесе 102 хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметті автокөлік иелері! Автокөлік ұрыларының құрбанына айналмас үшін төменде айтылған қарапайым кеңестерге құлақ салуларыңызды сұраймыз:

Өз автокөлігіңізді автоұрылардың қол сұғушылығынан сақтаңыздар, олардың оңай олжаға ие болуына жол бермеңіздер. Өз автокөлігіңізді міндетті түрде дабылмен жабдықтаңыз, көлікті күзетілетін тұрақтарға қойыңыз, көлікте бағалы заттарды қалдырмаңыз. Осы қарапайым қауіпсіздік қағидалары сіздің көлікті ұрлықтан сақтайды.

Бәріміз бірге қаланы қауіпсіз қыламыз!",- деп хабарлайды Елордасының полициясы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны