30.06.2018, 12:17 7193

Елорданыӊ 20 жылдығына орай "Астана Опера" театрында "Жайна, Астана!" салтанатты одасыныӊ премьерасы өтеді

"Астана Опера" театрыныӊ бас дирижері - әлемге аты әйгілі маэстро А.Бөрібаевтыӊ бірнеше мыӊдаған музыканттыӊ қатысумен ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибесі мол.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Елорданыӊ 20 жылдығына орай "Астана Опера" театрында "Жайна, Астана!" салтанатты одасыныӊ премьерасы өтеді.

Илемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев, атақты қазақстандық тенор Медет Шотабаев және америкалық опералық сопрано Энджел Блу көрнекті британдық композитор Карл Дженкинстыӊ SHINE ASTANA салтанатты одасын орындайды. Илемдік премьера 2 шілде күні "Астана Опера" театрыныӊ сахнасында өтпек. Қазақстанныӊ барлық аймағынан, сондай-ақ Италия, Австрия, Германия, Голландия, Грекия, Хорватия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген мыӊнан астам музыканттардыӊ - құрамасимфониялық оркестр мен хордыӊ қатысуы жобаны бірегей етпек.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен Астананыӊ 20 жылдығына орай жүзеге асырылмақ.

SHINE ASTANA ("Жайна, Астана!") салтанатты одасы төрт бөлімнен тұрады.

Шығармада қазақ халқыныӊ ғасырлар қойнауынан бастау алған тарихы бейнеленіп, "Жайлау", "Қарасай", "Абай" туындыларынан үзінділер шырқалады. "Бабалар аманаты" деп аталатын екінші бөлімде ерлер хоры Codex Cumanicus (XIV ғасырдағы "Қыпшақ тілініӊ сөздігі") шығармасынан ежелгі түркі діни әнін орындайды. Үшінші "Болашаққа бастау" бөлімінде композитор "Сары қыз", "Қарлығаш", "Дударай" әндерінен үзінділерді пайдаланады. "Мәӊгілік Ел салтанаты" атты соӊғы төртінші бөлім жасампаз әрі мерекелік сипатқа ие, бұл бөлімде "Тұлпар", "Көзімніӊ қарасы", "Shine Astana" (Той-Гимн-Той) шығармаларынан үзінділер шырқалады.

"Астана Опера" театрыныӊ бас дирижері - әлемге аты әйгілі маэстро А.Бөрібаевтыӊ бірнеше мыӊдаған музыканттыӊ қатысумен ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибесі мол. Естеріӊізге сала кетсек, 2017 жылы Астанада ол әлемніӊ әр қиырынан келген мыӊнан астам симфониялық оркестр әртістері қатысқан Г.Малердіӊ №8 симфониясыныӊ премьерасын үлкен табыспен өткізген болатын.

Қазақстанелордасыныӊ туған күніне тарту ретінде SHINE ASTANA салтанатты одасын жазған композитор Карл Дженкинс "Астана Опера" театрында бірнеше рет өнер көрсеткен, еліміздіӊ барлық өӊірлерінде отандық музыканттарымызбен жұмыс жасаған. К.Дженкинс көшпенділердіӊ музыкалық мәдениетіне тереӊ бойлап, Ұлы далаға бірқатар шығармаларын арнап үлгерді. Бұл сюиталарды ол шетелдерде орындайды және композитордыӊ айтуынша, барлық жерде оны ыстық ықыласпен қабылдайды.

Салтанатты одада солистер ретінде америкалық опера дивасы Энджел Блу (сопрано) мен атақты қазақстандық тенор, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Медет Шотабаев өнер көрсетеді.

Концерттіӊ басталуы сағ. 19.00-де

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны