08.06.2015, 15:11 4058

Елорданыӊ кейбір көшелерінде автокөлік қозғалысы тоқтатылады

Жангелдин көшесін қалпына келтіруге байланысты 8 маусымнан бастап Бейбітшілік көшесі мен Республика даӊғылы арасындағы жол бөлігінде автокөлік қозғалысы тоқтатылады

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Жангелдин көшесін қалпына келтіруге байланысты 8 маусымнан бастап Бейбітшілік көшесі мен Республика даӊғылы арасындағы жол бөлігінде автокөлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ хабарлауынша, қалпына келтіру аясында су құбырын, жылу трассасын, нөсерлік және шаруашылық-тұрмыстық кәріз тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, іргелес жатқан аумақ абаттандырылып, жаяужолдар жасалады, жарықтандыру орнатылады. Аталған жол бөлігіндегі көлік қозғалысын үстіміздегі жылдыӊ 1 қыркүйегіне дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Ақпараттандыру үшін қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылған. Автокөлік жүргізушілеріне жолдағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін жол бағдарларын алдын ала жоспарлауға кеӊес береміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны